Ұстаз еңбегі шынында да ең абзал, жасампаз, шығармашыл болып саналады. Күн сайын сабақ кезінде және жеке қарым-қатынаста өскелең ұрпақты мейірімділік пен жауыздықты ажырата білуге, адал болуға, үлкендерді құрметтеуге, туған өлкені сүюге үйретесіздер. Дәл сіздер Қазақстан Республикасының келешегін анықтайтын білімді, рухани дамыған жастарды өсіріп, тәрбиелейсіздер.
Кәсіби мерекемізде сіздерге бағасыз еңбектеріңіз бен шыдамдылықтарыңыз үшін, таңдаған мамандықтарыңызға деген сүйіспеншілік пен адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бұл күн сіздерге мол жағымды көңіл-күйлер мен әріптестеріңіз бен оқушыларыңыздың жылы лебіздері мен құттықтауларын сыйласын! Сіздерге мықты денсаулық, жұмыста табыс және отбасыларыңызға амандық, береке тілеймін!