Қазақ елінің сан ғасырлар бойы аңсап, күткен торқалы тойы мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең құнды мереке болмақ!

Ол мереке біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты.

Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы»  атты жаңа жұлдыз жарқырай туды.

Ендеше осы жұлдыз халқымыз үшін Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік ел болуға бет бұрғанын көрсетті.

Көк байрақтың қанатында қалықтап бүкіл Қазақстан елі үшін

дүркіреп келген Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейлі тойы құтты болсын!

Мерейлі  мереке  Сіздердің отбасыларыңызға амандық, шаттық пен қуаныш ала келсін! Дендеріңіз сау, өмірлеріңіз ұзақ болып, табыстан табысқа жете беріңдер!