Жалпы қалалық педагогикалық кеңес
Құрметті қонақтар!
Құрметті ұстаздар!
Бүгін біз «Қаланың білім беру саласы – жемқорлықсыз!» ұранымен өткізіліп отырған жалпы қалалық педагогикалық кеңеске жиналып отырмыз, ол «Білім беру жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдер және онымен күресу әдістері» тақырыбына арналады. Жемқорлық көпшілік билік, демократия, адам құқығы және әлеуметтік әділдіктің қалыпты қызмет етуіне нақты қауіп келтіреді. Осыған байланысты жемқорлық көріністердің пайда болуын шектейтін қосымша механизмдер қолдану мақсатқа сай деп ойлаймын. 01.09.2016 жылғы жағдай бойынша білім беру ұйымдарында 7481 адам қызмет етеді, ұстаздар – 4607, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102 адамға немесе 2% артық. Қала мектептерінде барлығы 1486 сынып-жиынтық (оның 687 бастауыш сыныптарда) және балабақшаларда 142 топ, шағын орталықтарда 93 топ. Соған сәйкес 1486 сынып жетекшісі және 1483 тәрбиеші қаланың білім беру жүйесінде қызмет етеді. «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясы аясында ұстаздар қауымының тәрбие жұмысындағы негізгі миссиясы Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – жеткіншек ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу және белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру болып табылады. Соңғы жылдары жеткіншек ұрпақтың жемқорлыққа қарсы мәдениеттерін тәрбиелеуге басты назар аударыла бастады. Білім беру бөлімінде және білім беру ұйымдарында аталған бағыт бойынша іс-шаралар кешені әзірленді. Ұстаздар ұжымдары білім саласында және жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерді тамырымен жоюға күш салу керек сияқты және білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне жеке үлгі көрсетулері қажет. Сонымен қатар білім беру бөлімі қоғамның, мұғалімдердің, тәрбиешілер, ата-аналар, оқушылардың пікірлерін және БАҚ жарияланымдарды ескере отырып, білім беру ұйымдары қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерге мониторинг жүргізді. Олардың пікірінше бүгінгі таңда білім саласында жемқорлықтың қандай көріністері жиі байқалады?
Білім беру ұйымдарының әкімшілігі белгілі бір сыйақы үшін төмендегі іс-әрекеттерді жасайды:
- жұмысқа қабылдау;
- білім беру ұйымына (мектепке, балабақшаға) қабылдау, соның ішінде балабақшаларға «кіру жарнасын» алу;
- ата-аналардан мектептің қажеттіліктеріне заңсыз ақшалай қаражат жинау, соның ішінде жөндеу жұмыстарға, іс-шаралар өткізу, безендіру және басқа да;
- біліктілік санатын (бірінші, жоғары) беру;
- жеке мұғалімдерге артық педагогикалық жүктеме бөлу;
- білім беру бөлімінің, Білім басқармасының грамоталарын және басқа да жоғары тұрған органдардың марапаттарын беру кезінде жұмыс нәтижесін ескерместен, білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, тәрбиешілерге және басқа да қызметкерлерге ерекше ықылас таныту.
Одан басқа, соңғы уақытта мектеп басшылары арасында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу кезінде жемқорлық құқық бұзушылық фактілері кездеседі. Осындай фактілер анықталғанда бұзушылықтарды көбінесе бас есепшілер жасайтыны жайында айта кеткен жөн. Бұл басшылардың өз ұйымындағы қаржы-экономикалық қызметті нашар бақылайтынын және мемлекеттік сатып алу өткізу Ережесін білмейтіндіктерін көрсетті. Мысалы, «Рахат» балабақшасының бухгалтері Таранова А. тамақтануға берілген ата-аналар төлемінің 2651,0 мың теңгесін өз есепшотына аударған. Қазіргі уақытта балабақшаның директоры осы факті туралы тиісті органдарға хабарлады. Қаржы бақылау инспекциясының тексеру нәтижесі бойынша тағы да осы балабақшада ата-аналар жарнасынан жоқ автокөлікке бензин сатып алынған. Сондай-ақ балабақша меңгерушілері баланы білім беру бөлімінің жолдамасы бойынша қабылдаған кезде, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, ата-аналардан балабақшаның қажеттіліктеріне кіру жарнасын талап етеді. Аталған мәселе бойынша «Колокольчик», «Балбөбек» балабақшалары ата-аналарының шағымдары бар. Кейбір балабақшаларда (№ 102, Сәулетай) айына 1500 теңге мөлшерінде демеушілік көмек төлеу сияқты заңсыз талаптар анықталды, онымен қоймай аталған сома түбіртекте көрсетілген. «Октябренок» БСО жемқорлық құқық бұзушылық фактілер анықталды, онда басшысы Л.А. Клостер өзінің қызы Е. Клостерді директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары етіп тағайындаған, бұл ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын бұзушылық болып табылады. Одан басқа, ҚР білім саласындағы заңнаманы бұза отырып, өзінің қызметтік дәрежесін асыра пайдаланып, жылдар бойы ересек тұрғындарды сауықтырып және емдеп келген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде.
Сынып жетекшілер, тәрбиешілер белгілі бір сыйақы үшін төмендегі іс-әрекеттерді жасайды:
- ата-аналардан сыныптың, топтың қажеттіліктеріне заңсыз ақшалай қаражат жинау, соның ішінде жөндеу жұмыстарға, іс-шаралар өткізуге, безендіру және басқа да;
- ата-аналардан Туған күндеріне, мектеп бітіру кештерде және мерекелерде қымбат сыйлықтар қабылдау.
Мұғалімдер жұмысында белгілі бір сыйақыға орындалатын мынандай фактілер кездеседі:
- өздерінің оқушыларына тегін консультациялар жүргізудің орнына ақылы репетиторлық сабақтар өткізу;
- ата-анасының немесе оқушының сұрауы бойынша белгіленген ақыға көтермелеп баға қою;
- конкурстар мен олимпиадалар өткізу кезінде ата-анасының, басшысының немесе басқа да мүдделес тұлғалардың қолдауы бойынша белгіленген ақы үшін жүлделі орындар бөлу кезінде жеке оқушыларға ілтипат көрсету.
Өкінішке орай бұл фактілер күнделікті біздің жұмысымызда кездесіп тұрады. Жоғарыда аталған тәуекелдердің бірнешеуі мемлекеттік қызметтер тізіліміне кіреді. Білім саласында жемқорлықтың аталған көріністерімен күресте мемлекеттік органдармен және қоғаммен қабылданған механизмдер көбінесе жүзеге аспай жатады. Жемқорлықпен күрестің өзектілігі кешенді сипатта болуы қажет. Мемлекет пен азаматтық қоғамның ғана емес, сондай-ақ ұстаздар мен ата-аналар қауымының күшін біріктіру қажет. Жемқорлықпен күресте біріншіден, ұжымдардың қызметі тұрақты және әлсіремейтін болса, екіншіден барлық білім беру субьектілерінің тарапынан қырағы бақылау болғанда ғана нәтиже болады. Сыбайлас жемқорлық фактілер, сонымен қатар аталған құқық бұзушылыққа апарып соғатын себептер бүкіл білім беру үрдісі субьектілеріне жеткізу қажет, оның мақсаты білім беру жүйесі қызметкерлерін таныстыру және қызметтерінде бұзушылықтар жібермеу. Білім саласында орын алған жемқорлық көріністер қазақстандық жастардың қалыптасу үрдісіне, олардың адамгершілік саналарына және Қазақстандағы жасампаз үрдістерге деген сенімділіктерін жояды және саналарын азғыртады. Бұл дегеніміз біз үшін өте қауіпті. Жемқорлықпен күресті бір жүйеге келтірмесек, оның ары қарай тіршілік етуінен қоректенетін ортаны тамырымен жоймасақ біздің әрекетсіздігіміздің салдарынан патриоттық сезімнен жұрдай, яғни Қазақстанның болашағына сенімі жоқ қазақстандықтардың жаңа буыны қалыптасатын болады. Бұл еліміз үшін үлкен қасірет. Бұндайда білім беру ұйымы басшылары мен қызметкерлерінің азаматтық ұстанымдары маңызды. Өкінішке орай, қоғамның жекелей кейбір мектеп басшылары, мұғалімдер, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері туралы теріс пікірі жалпы білім беру жүйесінің беделі мен имиджін төмендетуге ықпал етеді.
Біздің алдымызда келесі міндеттер тұр:
– мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерге мүмкіндік туғызатын себептер және жағдайларды анықтау;
– мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді әзірлеу және енгізу;
– сыбайлас жемқорлық орын алған жағдайда жауапты тұлғалар әрекеттерінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты тұлғаның негізін құрайтын адамгершілік нормаларды сақтау бойынша педагог ұжымның мүшелерімен жұмыс әдістерін жетілдіру;
– жемқорлық тәуекелдерге жағдай жасайтын білім беру жүйесі қызметкерлеріне қатысты қатаң тәртіптік жаза шарасын (жұмыстан шығаруға дейін) қолдану;
– білім беру жүйесінде жемқорлық тәуекелдерге жағдай жасайтын ата-аналар және басқа да заңды тұлғаларға қатысты шара қолдану, олардың жұмыс орындарына, басшылығына және тиісті органдарға хабарлау;
– азаматтардың және ұйымдардың сыбайлас жемқорлық фактілер туралы ақпараттарға қолжетімділік құқықтарын жүзеге асыру, сонымен қатар оларды бұқаралық ақпарат құралдарында еркін жариялауға ықпал ету.
Аталған міндеттерді орындау үшін әрбір білім беру ұйымында жай ғана іс-шаралар кешені емес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әрекетті бағдарламасын әзірлеу қажет. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, өскелең ұрпақтың жемқорлық көріністерге төзімділік шегін тәрбиелеу үшін әрбір мектепте «Адал ұрпақ» клубы құрылған. Бүгін сол клубтардың қалалық Ассоциациясын құру жоспарланып отыр. Аталған клубтардың жұмыс жоспары жасалған. Бірақ аталған жұмыс тиімдірек болу үшін мұғалім, сынып жетекшісі өзінің жеке үлгісімен жемқорлық көріністерге төзбеушілікпен қарауға тәрбиелеу қажет. Жеткіншек ұрпақ үшін адал еңбек, адалдық және парасаттылық, білімге деген құмарлық, жоғары білім ғана материалдық ауқаттылыққа, жоғары жетістіктерге қол жеткізудің және табысты болудың басты өлшемі болуы керек. Азаматтардың жемқорлық әрекеттері үшін көпшілік алдында ұялатындай сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттерін және жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитеттерін қалыптастырмай алға қойған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.
Назарларыңызға рахмет!!!
ЖОБА
Қалалық педагогикалық кеңестің шешімі
29.11.2016ж.
Өскемен қаласының білім беру саласында жемқорлық көріністерге «төзімділік шегі» атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында қалалық педагогикалық Кеңес
шешім қабылдады:
- Білім беру ұйымдарының басшыларына білім саласында анықталған «жемқорлық тәуекелдерге» байланысты білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен педагог қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтасын, белгіленген ақы үшін төменде көрсетілген әрекеттерді жасауға қатаң тыйым салынсын:
– жұмысқа қабылдауға;
– білім беру ұйымына (мектепке, балабақшаға) қабылдауға, соның ішінде балабақшаларға «кіру жарнасын» алуға;
– ата-аналардан мектептің қажеттіліктеріне заңсыз ақшалай қаражат жинауға, соның ішінде жөндеу жұмыстарға, іс-шаралар өткізуге, безендіру және басқа да;
– біліктілік санатын беруге;
– педагогикалық жүктеме бөлуге;
– марапаттау кезінде жұмыс нәтижесін ескерместен, білім беру ұйымдарының жекелей мұғалімдеріне, тәрбиешілерге және басқа да қызметкерлерге ерекше ықылас танытуға.
Сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге тыйым салынсын:
- Ата-аналардан сыныптың, топтың қажеттіліктеріне заңсыз ақшалай қаражат жинауға, соның ішінде жөндеу жұмыстарға, іс-шаралар өткізуге, безендіру және басқа да;
- Ата-аналардан Туған күндеріне, мектеп бітіру кештерде және мерекелерде қымбат сыйлықтар қабылдауға.
Мұғалімдерге тыйым салынсын:
- Өздерінің оқушыларына тегін консультациялар өткізудің орнына ақылы репетиторлық сабақтар өткізуге;
- ата-анасының немесе оқушының сұрауы бойынша белгіленген ақыға көтермелеп баға қоюға;
- конкурстар мен олимпиадалар өткізу кезінде ата-анасының, басшысының немесе басқа да мүдделес тұлғалардың қолдауы бойынша белгіленген ақы үшін жүлделі орындар бөлу кезінде жеке оқушыларға ілтипат көрсетуге.
- Білім беру бөліміне, қаланың білім беру ұйымдарына:
- Педагогикалық салада адал еңбек және білім ғұрпын, құқықтық және жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.
- Барлық ведомствоға қарасты білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, жемқорлық тәуекелдерге ішкі талдау жүргізілсін және кейін оларды жою бойынша шешім қабылдау үшін талқылансын.
- Оқуға қолжетімде жерлерде ақылы қызмет пен демеушілік көмек көрсету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер, сонымен қатар көрсетілетін ақылы қызметтер тізімі орналастырылсын, онда әрбір қызмет түрі үшін алынатын төлем мөлшері көрсетілсін.
- Ата-аналармен немесе заңды тұлғалармен шарт жасасу кезінде нақты қызмет түрі мен құны, мемлекеттік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 63-бабымен қарастырылмаған заңсыз ақша жинау және ақылы қызмет көрсету фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
- Ақылы қызмет пен демеушілік көмекті жүзеге асырудан алынған қаражатты есепке алу, есеп тапсыру, жоспарлау және пайдалану бойынша мәселелерді реттейтін нормативтің-құқықтық актілердің қатаң сақталуы қамтамасыз етілсін.
- Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қабылдау кезінде басшылар ата-аналардан «кіру» жарнасын алу тәжірибесіне жол бермесін. Ата-аналардан негізсіз ақша жинау немесе «кіру» жарнасын алу фактілері анықталған жағдайда атқарып жүрген лауазымына сәйкестігі жайында мәселе қойылатын болады.
- Қамқоршылық кеңестерінің білім беру ұйымдарын дамытудың жеке мәселелерін шешуге демеушілерді тарту бойынша жұмыстары белсендірілсін, Қамқоршылық Кеңестері жоқ білім беру ұйымдарында оларды құру бойынша жұмыс жүргізілсін, соның ішінде балабақшаларда.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау және түсіндіру бойынша жеке жауапкершіліктері арттырылсын.