Қалалық ата-аналар жиналысы
XXI ғасырда қазақстандықтардың салауатты және бәсекеге қабілетті ұлтын қалыптастырудағы отбасының рөлі
Ағаштың тамыры отбасынан басталады,
кейін сол тамырдан бұтағы,
гүлі және жемісі өсіп шығады.
Мектептегі педагогикалық даналық негізі,
отбасының моральдық ахуалына байланысты.
(В.Сухомлинский)
Құрметті ата-аналар жиналысына қатысушылар!
Бүгін біз аса маңызды мәселе – қазақстандықтардың салауатты және бәсекеге қабілетті ұлтын қалыптастыру мәселесін талқылайтын боламыз.
Қазақстанда адамдардың денсаулықтарын сақтау және нығайту мәселесіне ерекше назар аударылады, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салауатты ұлт қалыптастыру туралы жыл сайынғы жолдауында мемлекетіміздің міндеті – денсаулығы мықты балалар өсіру және өз азаматтарының өмірін ұзарту қазақстандықтардың қуаты мен амандығының белгісі.
Денсаулық капиталы, білім беру және әлеуметтік қорғау капиталы, мүмкіндіктер және отбасы институтын нығайту капиталы – осының барлығы дамытудың одан да жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу және барынша бәсекеге қабілетті мемлекет, интеллектуалды дамыған ұлт болу үшін инвестициялар салуды қажет етеді.
1 слайдта: «Отбасы, балалар, отбасылық құндылықтар және салт-дәстүрлер әрқашан қоғамымыздың және мәдениетіміздің негізі болған және болып қалады да. Бізге көптеген отбасыларының ізгі салт-дәстүрлерін сақтап, оларды насихаттап, жас отбасыларын қолдау қажет». Н.Ә. Назарбаев.
Отбасы – қоғамды ұстап тұрған 3 киттің біреуі. Отбасының жағдайы, оның әл-ауқаты және тұрақтылығы ұлтымыздың, қоғамның және мемлекетіміздің өмірге деген тұрақтылығын анықтайтын маңызды әлеуметтік индикаторы болып табылады. Сол себепті мемлекет отбасына қамқорлық жасайды, қажетті институттар құрады және нығайтады, нормативтік және құқықтық реттеуді жүзеге асырады.
Жеткіншек ұрпақтың денсаулығын және бәсекеге қабілеттігін сақтау үшін құрылған әлеуметтік институттардың бірі – ол білім беру жүйесі – біздің балабақшалар мен мектептер.
2016-2017 оқу жылының басында Өскемен қаласының білім беру ұйымдары желісіне кіреді:
2 слайдта: 49 жалпы білім беретін мектеп – 45 күндізгі мектеп, түзету мекемелері жанындағы 2 кешкі мектеп, 2 жеке мектеп; 2016-2017 оқу жылында ұйымдар желісі 1 бірлікке артты – «№ 34 мектеп-лицей» облыстан қаланың коммуналдық меншігіне ауысты.
3 слайдта: Өскемен қаласында 2 ден 5 жасқа дейінгі балаларға арналған 84 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді. Оның 51 балабақшалар: 31 мемлекеттік (КМҚК-26, КММ-5), 17 жеке меншік балабақшалар, оның: 14 мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде, 3 жеке балабақша, 3 облыстық, 32 шағын орталық. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында 14 жеке меншік балабақшада 3735 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. Соның ішінде 2016 жылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде 365 орындық жеке балабақша ашылды.
4 слайдта: 21 наурызда Тәуелсіздік к, 36/3 мекенжайында орналасқан «Азамат» балабақшасында қосымша 100 орын ашылды;
20 сәуірде Қазақстан к, 122/а мекенжайында 140 орындық «Шығыс-Балдырған» балабақшасы ашылды;
1 маусымда Миллер к, 22 мекенжайында 25 орындық «Айжан» балабақшасы ашылды;
1 қыркүйекте Молдағұлова к, 19 мекенжайында 50 орындық «Құлыншақ» балабақшасы ашылды;
2016 жылғы қыркүйек айының соңында 50 орындық «Сәуле-Жан», 50 орындық «Даяна» балабақшалары және «Құлыншақ» балабақшасында 25 орынға қосымша топ ашылды.
Білім беру бөлімі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша сапалы қызметтер алуға көп көңіл бөледі. 2 жылда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды «Е-Акимат» порталында кезекке қою бөлімінде бұзушылықтарды жою бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. 2 мыңнан астам бала балабақшалар жанындағы кеңес алу пункттерінің тізімінде болған, кейін олар мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын 5-6 жастағы балалардың ата-аналарымен кеңес ұйымдастыру үшін мектептерге ауыстырылды. Шағын орталықтарда балаларды есепке алу үшін портал ашылмаған болған, балалар жылдар бойы кезектен алынбаған (олардың кейбіреулері мектепте оқып жүрген), балабақшаларда білім беру бөлімінің жолдамалары болмайтын. Осы жылдан бастап балабақшаларда ересектер тобы қалдырылды, оның мақсаты тәрбиелеу және оқытудың сабақтастығын сақтап қалу. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің осы түрі ҚР заңнамасына сәйкес келтірілуде. Алайда, мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысында шешілмеген проблемалар әлі де бар. Бұнда ата-аналар қауымының қатысуы маңызды, себебі тәрбие негізі, білім алу дағдылары балабақшадан басталады.
5 слайдта: 2016-17 оқу жылының басында Өскемен қаласының 45 күндізгі мектебіндегі 1-11 сынып оқушыларының құрамы 33489 баланы құрады (өткен оқу жылының басында 30833 оқушы), психикалық дамуы тежелген балаларға арналған сыныптарды қоса есептегенде. Өткен оқу жылымен салыстырғанда балалар контингенті 2656 оқушыға артқан. Сыныптар саны 1482 құрайды, өткен 2015-2016 оқу жылымен салыстырғанда 99 сынып-жиынтыққа артқан. Мектепалды сыныптардағы тәрбиеленушілер саны 131 сыныпта 2963 құрайды, өткен оқу жылымен салыстырғанда бала саны 383 балаға және 16 сыныпқа артқан. Білім беру бөлімі жаңа оқу жылына бюджетті қалыптастыру кезінде балалар құрамы бойынша негізінен 1 сынып оқушылары мен мектепалды даярлық сыныптарына болжам жасайды. Бірақ биылғы жылы өсу 2-10 сыныптар есебінен ғана болды. Сондықтан ата-аналар түсінулері керек оқулықтар жетіспеушілігінің себебі осының салдарынан. 4 жылда бір рет кейбір сыныптардың оқулықтары жаңартылып тұрады. Мысалы, 2016 жылы 1-ші, 8-ші сыныптардың оқулықтары ғана жаңартылды. 2-ші, 5-ші сыныптарда келесі жылы жаңартылатын болады. Бөлінген қаражаттан артылса жетпейтін оқулықтар сатып алуды жоспарлап отырмыз.
6 слайдта: 2016 жылдың 1 қыркүйегінде балаларды мектепке дейінгі мекемелерде қамту 14794 баланы құрады (балабақшаларда -12587, шағын орталықтарда – 2237). 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен жалпы қамту 91,4 % және 3-6 жастағыларды қамту – 99,3 % құрады.
7 слайдта: Пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарының нәтижелері білім сапасының көрнекі көрсеткіші болып табылады. Қалада «Біздің үміт» жобасы аясында дарынды балалармен жұмыс бойынша «Зияткер» бағдарламасы әзірленген, оның мақсаты – дарынды балаларды анықтау және оларды дамыту үшін жағдай жасау.
Кейбір жетістіктер: Алматы қаласында ақпан айында 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық ҒПК өткізілді. Өскемен қаласы командасының құрамында № 3 (4 қатысушы), 4 (1), 10 (1), 16 (1), 19 (1), 44 (2), 45 (1) мектептер болды. Сайыстар нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облсының командасы I жалпы командалық орын алып, «2016 жылдың республикалық ғылыми жобалар байқауының үздік командасы» сертификатымен марапатталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Шығыс Қазақстан облысы командасының республикалық ғылыми жарыстарға қатысу қорытындылары бойынша № 3 и № 38 гимназиялар, № 44 лицей, № 16 мектептерінің бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындар алғандарын көрсетті.
Алғаш рет бастауыш буын оқушыларына арналған барлық жалпы білім беретін пәндер бойынша интеллектуалды марафон өткізілді. Өскемен қаласының командасы 20 қатысушыдан құралды (№ 3, 10, 11, 35, 43, 44). Команда «2016 жылдың ең дарынды командасы» номинациясының иегері атанды. Оқу жылының қорытындысы бойынша халықаралық байқаулардың жеңімпаздары атанған 13 түлек ҰБТ тапсырудан босатылды. Жалпы қала мектептерінің облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысуын талдау тұрақты оңды динамиканы көрсетті. Интеллектуалдық байқауларға қатысу үлесі 73% және нәтижесі 64% құрады.
Бұндай табыстар Адамды толыққанды дамытудың негізі болып табылады – XXI ғасырға тән қарқынды даму динамикасы, білім саласында сан алуан мүмкіндіктер мен жаңа білім және технологиясының трансферттерін алу үшін барлығын және барлық шектерді жояды, соның ішінде адамгершілік қағидалар мен рухани құндылықтарды.
8 слайдта: Қалада «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына – білім беру жүйесінің 25 нақты ісі» жобасы әзірленіп, 2015 жылдың 1 желтоқсанында басталып кеткен. Оның іс-шаралары әр түрлі санаттағы балаларға арналған. Мысалы, суицидтің алдын алу бойынша «Өмір, мен сені сүйемін!», қажеттіліктері ерекше балаларды қоғамға тарту бойынша «Мен, сен, ол, олар – тату-тәтті отбасы», «Қазақстан патриоты» жобасы, аталған жобаның басты міндеті Тәуелсіз Қазақстанды құруда патриоттыққа және азаматтылық белсенділікке тәрбиелеу болып табылады. Аталған жобалардың нәтижелігі үнемі бақылауда. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – жаңа нәтижелер» жобасы бойынша 10 мектеп ҰБТ бойынша нәтижелерін өткен жылмен салыстырғанда 5-тен 19 баллға дейін арттырды.
Құрметті ата-аналар!
Әрине, бүгінгі тақырып дер кезінде қозғалып отыр. Әсіресе Тәуелсіздіктің 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында, өткенді зерделеп, болашақтың басым бағыттарын анықтайтын уақыт келді. Бүгін біз әлемнің дамудың сапалы жаңа кезеңіне көшудің куәгерлері болып отырмыз. Заманауи жағдайда адами ресурстарды тиімді пайдаланатын, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізетін мемлекет қана табысқа жететін болады. Сол себепті Елбасымыз еліміздің бәсекелі артықшылығын арттырудың негізгі факторы болып табылатын интеллектуалды ұлт қалыптастыру міндетін алдымызға қойып отыр. Білім беру жүйесінің алдына жаңа стратегиялық міндеттер қойылып отыр, оқытудың жаңа стандарттары қабылданды, жаңа білім беру мазмұнына жоспарлы көшу жүзеге асырылуда, педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі құрылған.
Осылайша, қазақстанның білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мұғалімдер мен білім беру мекемелері басшыларының кәсіби біліктілік деңгейлерін сапалы арттыруды талап етеді.
Жаңартылған мектепке кәсіби білікті, қайта оқуға дайын, жоғары нәтижелерге негізделген, кәсіби мобильді, шығармашыл белсенді мұғалім қажет. Сондықтан біздің білім беру жүйесінің негізгі бағыты – білім саласының кадр әлеуетін дамытуға бағытталған қызмет.
9 слайдта: Білім беру ұйымдарында 4527 ұстаз қызмет етеді, бұл өткен оқу жылының осы кезеңімен салыстырғанда 158 адамға немесе 3,4% артық. Жоғары кәсіптік білімі бар қызметкерлер саны 77,4% құрады. Жұмыс істеп жүрген педагогтардың орташа жасы 40,4 жасты құрайды. Кадрлардың жасарғанын мына цифрлардан көруге болады: бес жылда білім беру ұйымдарына 366 жас маман қабылданды, оның 88 осы жылы.
10 слайдта: Алайда 2016-2017 оқу жылында кадрларға деген қажеттілікті талдау оқу жылының басында 93 бос орынның құрылғанын көрсетті. Ең көп қажеттілік бастауыш сынып мұғалімдеріне – 8 адам, орыс тілі – 9 адам, ағылшын тілі мұғалімдеріне – 17 адам, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері 21 маман.
Жас мамандарды қолдау үшін әрбір білім беру ұйымында тәлімгерлік жүйесі қызмет етеді, қалалық әдістемелік кабинет жас мұғалімдерге арнап «Надежда» ассоциациясының қызметін ұйымдастырды.
Білім сапасына қойылатын талаптарды арттыру үшін педагогтардың кәсіби шеберліктері мен біліктіліктерін үнемі арттыру қажет.
11 слайдта: 2016-2017 оқу жылының басында жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны 45% құрады. Өскемен қаласында 129 адам қызмет етеді, олар жоғары атақтармен марапатталған, олардың 33 орден және медальдармен марапатталған, төртеуі Ы. Алтынсарин атындағы төс белгімен, 50 білім беру үздігі және 3 адам – Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері. Одан басқа, 5 педагогта ғылыми атақтары бар, 6 адам аспирантура бітірген, магистрлер – 124. Қаланың 482 мұғалімі 2012-2016 жылдары деңгейлік курстан өтті және Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін таратуға белсене қатысуда. 15 директор, 130 ОТІ, ТЭЖ және ТЖ бойынша орынбасарлар, 348 педагог қаланың білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері қатарына кіреді.
2016-2017 жылдары жаңғыртудың негізгі міндеті барлық жалпы білім беретін мектептерде жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу үшін жағдай жасау болып табылады.
Бастауыш мектепті жаңартылған бағдарламаға көшірудегі маңызды міндеті білім беру үрдісін ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту болып табылады. Балаларды тәрбиелеу және оқытудың мақсат, түрін және әдістерінің мазмұнын келісу арқылы балабақша мен бастауыш мектептің жұмысында мазмұнды және әдістемелік сабақтастықтың проблемаларын шешу маңызды. Жаңа шығармашылық деңгейде оқыту әдістемесін меңгерген ұстаз бен тәрбиеші де өзгеруі керек.
12 слайдта: Осы мақсатта бірінші сынып мұғалімдерінің 90% кәсіптік қайта даярлаумен қамтамасыз етілген.
Есеп деректері бойынша жаңартылған білім беру мазмұнымен 4155 бірінші сынып оқушылары қамтылған, бұл дегеніміз 174 сынып-жиынтық.
Білім беру бөлімінің жауапты мамандарына 1 сыныпта білім беру мазмұнын жаңартуды енгізу үрдісін бақылау, ал мектеп басшыларына бірінші тоқсан бойы мектепішілік бақылауды және оқушыларды психологиялық қолдауды күшейту тапсырылды.
Құрметті ата-аналар!
Қоғамды лайықты, бәсекеге қабілетті кадрлар, креативті жаңа буын мамандарынсыз елестету мүмкін емес. Жаһандық экономиканың қызметкерлерге қоятын талаптары күн сайын артуда. Бұл үрдісте отбасының рөлі өлшеусіз артатыны сөзсіз. Отбасы – дегеніміз бала үшін жаман мен жақсыны ажырататын, өзін әкесі немесе шешесіне ұқсатып есейетін алғашқы және маңызды үйі болып табылады. Отбасында еңбекке құрметпен қарау, жеке жауапкершіліктерін тәрбиелеу және өз бетімен жұмыс істеудің алғашқы дағдылары қалыптасады. Сондықтан біздің ортақ мақсатымызға қол жеткізу үшін – моральдық-этикалық құндылықтары мықты, жоғары рухты, еңбекқор, білімді буын тәрбиелеу үшін отбасы институты мемлекеттің қамқорылығына мұқтаж. Бұл жұмыстың негізі гендерлік теңдік Стратегиясында қаланған, онда отбасына арналған тарау бар. Осыған сәйкес отбасының жағдайын зерделеу бойынша бірнеше әлеуметтік зерттеулер өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша Қазақстанда бүкіл әлемдегідей отбасы проблемасы ең өзекті проблемелар қатарына жатады. Біздің елімізде ажырасу және ресми некеге ешқашан отырмаған тұлғалар саны артуда. Некесіз балалар саны да артуда, себебі біздің көптеген азаматтарымыз, әсіресе жастар батыс елдердің тәжірибесі бойынша тіркелмеген некеде өмір сүреді. Әйелдер балаларын жалғыз тәрбиелейтін отбасыларының артуы өзекті мәселе болып табылады.
13 слайдта: Қаламыздың толық емес отбасыларында 3784 бала тәрбиеленуде. Бірақ қандай үлгідегі отбасы болмасын алғашқы адамгершілік қарым-қатынастың тәжірибесін, өзінің алғашқы танымдарын бала отбасында алады және жеке тұлға ретінде қалыптасады. Егер үйде өзара сыйластық және ата-ана мен бала арасында сенімділік, бірін-бірі қабылдау атмосферасы қалыптасқан болса балалар барынша тәуелсіз, өз бетімен шешім қабылдайтын және өмірге бейімделген болып өседі. Баланың қабілеттері ата-анасынан беріледі. Бірақ қазір ата-ана мен бала арасындағы байланыс нашарлаған, оның бірден бір себебі ата-аналардың жұмысбасты болулары. Қазақстан Республикасының отбасын және некені нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған отбасы-демографиялық саясаты жағдайда жақсартуға негізделген.
14 слайдта: Біздің қаламызда Отбасын және балалықты қолдау орталығы қызмет етеді, олар 148 отбасына қолдау көрсетті, бала мен ата-ана арасындағы мәселелерге байланысты 1400 кеңес өткізді. Елімізде және біздің қаламызда отбасы қатынастарын, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту бойынша 2015–2020 жылдарға арналған Жалпы ұлттық жоспар жүзеге асырылуда. Онда отбасы құндылықтарын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Жалпы Еңбек Қоғамын құру, ана мен баланы қорғау, жастарды қолдау, қарттықты лайықты қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қарастырылған.
15, 16, 17 слайдтарда: Қазақстанның білім беру жүйесіндегі басты қағида – біздің қаламызда табысты шешімін тапқан барлық балалардың білім беру қызметтерін алуға деген тең қолжетімдіктерін қамтамасыз ету. Өскемен қаласы бойынша 0 ден 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар саны 4363 оқушыны құрайды (2015-2016 оқу жылында 3891), олардың 2161 оқумен қамтылған (2015-2016 оқу жылында 2304). Медициналық қорытындыларға сәйкес мектеп жасындағы 84 бала (2015-2016 оқу жылында 78) оқуға жарамсыз, 104 оқушы (2015-2016 оқу жылында 108) үйден оқытылады. Әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласында 392 бала көмек алады, 52 бала ПМПК барады. 2016-2017 оқу жылында 2161 бала (2015 жылы 1504) түзету-дамыту арқылы тәрбиелеу және оқытумен қамтылған. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 1105 бала (2015-2016 оқу жылында 1058) арнайы түзету білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп білім алуда. 482 оқушы (2015-2016 оқу жылында 446) 10 жалпы білім беретін мектептердің жанынан ашылған (2015-2016 оқу жылында 9 жалпы білім беретін мектеп (№ 5, 8, 9, 19, 20, 22, 26, 37, 42, Крупская атындағы интернат) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 51 түзету сыныптарында (2015-2016 оқу жылында 47) білім алуда.
18 слайдта: Өскемен қаласының білім беру бөліміндегі қамқоршылық және қорғаншылық органында бүгінгі таңда қамқорлықта және патронаттық тәрбиелеуде (438 – қамқорлықта, 12 – патронатта) болып табылатын 450 бала есепте тұрады. 2015 жылы қамқорлықта және патронаттық тәрбиелеуде болып табылатын 466 бала есепте тұрған (453 – қамқорлықта, 13 – патронатта). 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы отбасында тәрбиеленуге тапсырылған балалар саны артқан. 2015 жылы Өскемен қаласы бойынша ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 95 бала анықталды, оның 60 қамқорлыққа тапсырылды. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап Өскемен қаласы әкімдігінің қаулысымен 44 бала қамқорлыққа тапсырылды, соттың шешімі бойынша 38 бала асырап алынды. Яғни, балалар мен отбасыларына лайықты білім алулары үшін барлық жағдай жасалған. Облыс әкімінің бастамасы бойынша қажеттіліктері ерекше балаларға арналған интернаттың құрылысы жүріп жатыр, ол балаларға біліммен бірге мамандық алуға мүмкіндік беретін болады.
Қымбатты ата-аналар!
Отбасында дұрыс және ақылмен тәрбиелеу мәселесіне орала отырып, балалардың білім мен ғылымға деген сүйіспеншіліктерінің түйіні отбасында қаланатынына тоқтала кеткім келеді. Дәл осыған байланысты қазақтың ұлы ақыны және философы Абай өзінің өлмес “Нақыл сөздерінде” былай деген: «Балаңа өз нанын адал еңбек және ақылмен тауып жеуді үйрет». Бір қуантары, бүгінгі күнде көптеген отбасылар баланы мектептен немесе балабақшадан емес, туған кезінен бастап дамытуға болатыны және дамыту қажет екендігін түсінеді және бұл тек жалғыз ананың ғана емес ата-ананың екеуіне де қатысты. Біздің жерімізде өз Отанын сүю, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, еңбекқорлық сияқты негізгі рухани құндылықтар дәстүрлі түрде ғасырлар бойы отбасында қалыптасқан. Бүгін осы проблема өзекті болып қалуда.
19 слайдта: 115 отбасы сәтсіз отбасылар қатарында есепте тұр, соның салдарынан оларда толыққанды отбасы құру мүмкіндіктері жоқ және өзінің жайлы отбасын құруда көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Мектептердегі әлеуметтік-психологиялық қызметтер тәрбиелік іс-шаралар жүйесін ұйымдастыру, қосымша білім беру ұйымдарын үйірмелер мен секцияларда шұғылдануға тарту арқылы осы мәселелерді кезеңмен шешуде.
20 слайдта: Қаламызда 15 қосымша білім беру ұйымдары бар, соның ішінде 37 балалар жасөспірімдер клубтары. Қазіргі уақытта 6 балалар өнер мектептері 3-ке ірілендірілді. Қосымша білім берумен қамтылған балалар саны – 15 мыңнан астам немесе 47%. Одан басқа мектеп үйірмелері мен секцияларында 7 мыңнан астам балалар шұғылданады.
21 слайдта: Әр түрлі деңгейдегі шығармашылық байқаулар мен спорт сайыстарында балалар табыстарға қол жеткізуде.
22 слайдта: Алайда балалардың үйірмелер мен секцияларға қатысуларына мониторинг жүргізу барысында анықталғаны балалар гандбол, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, биатлон, шаңғы тебу сияқты спорт түрлеріне өте аз тартылған. Себептері әр түрлі – ол мамандардың болмауы, нашар МТБ, білім беру субьектілері – ата-аналар және оқушылардың нашар уәждемелері. Бүгін білім беру бөлімінің басшысы жанынан мұғалімдер мен оқушылар арасында спорттық-бұқаралық жұмысты дамыту бойынша Кеңес құру туралы бұйрық шығарылды, оның негізгі бағыттары спорттық-бұқаралық жұмысты үйлестіру және ниет білдірген барлық балалардың тең қолжетімдігін қамтамасыз ету. Сонымен қатар мектептерде қосымша үйірмелер және секциялар ашу туралы бұйрық шығарылды.
Моральдық-адамгершілік және рухани құндылықтарды қалыптастыру және дамытудағы отбасының рөлі әр кезде де негіз болған. Біздің дана бабаларымыз: отбасы жоқ адам, тамыры жоқ ағашпен тең деп бекер айтпаған. Ағаш қалай тамырынан қуат алса, жоғары адамгершілік құндылықтарға бай терең өзара түсіністікке негізделген отбасы да таза да бәрін білуге құмар бала ақылына қажетті пайдалы азық береді. Сол себепті ата-аналарға отбасындағы эмоционалдық жағдай мен атмосфераның қолайлы болуын қамтамасыз ету қажет: әр ата-ана баласы үшін үлгі, өнеге алатын адам болуы керек. Ағылшындарда мынадай мақал бар: «Баланы тәрбиелемей ақ қой, бәрібір олар сендерге ұқсайтын болады». Егер ересектер балаларға ерте бастан өз денсаулықтарын бағалау, күту және нығайтуды үйретсе және де салауатты өмір салтын ұстанатын жеке үлгі бола алса болашақ ұрпақтың денсаулығы, жеке және интеллектуалды, рухани және физикалық мықты болатынына сенімді болуға болады.
Құрметті ата-аналар!
Махаббат, күлкі-қуаныш, бақыт, қарапайым және терең шынайылық, құрмет, ұлттық мәдениет пен дәстүрлерге ұқыпты қарау, еңбекқорлық, тәртіп орнаған отбасы – әрбір өсіп келе жатқан бала мен мемлекеттің ең мықты тірегі бола алады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде қоғамдағы отбасының ерекше рөлі, отбасы институтын қолдау, нығайту және дамыту елімізді әлеуметтік жаңғыртудың маңызды құрамдас бөлігі екенін бірнеше рет атап өткен.
Осы мақсатпен 2013 жылы Елбасымыздың бастамасы бойынша Отбасы күні құрылды, ол аталған институттың жоғары қоғамдық маңыздылығын ерекше құрметтеу және отбасы құндылықтарын жан-жақты ардақтау мақсатында құрылды және қыркүйектің әрбір екінші демалысында атап өтіледі. Жалпы Өскемен қаласында осы жылдары отбасына арналған байқауларға 126 отбасы қатысты. Олардың әрқайсысы өздерінің бірегей тарихын көрсетіп қана қоймай, олардың балалары, немерелері және шөберелері тәрбие алатын жоғары моральдық-адамгершілік және рухани құндылықтардың дұрыс жүйесі қалыптастырылғанын дәлелдеді. Осы жерде айта кету керек олардың барлығы осы жетістіктерге адал және ынталы еңбектің арқасында ғана қол жеткізген. Осының барлығы Елбасының Отбасы күнін енгізу туралы идеясының бәсекеге қабілетті адами капитал қалыптастыру және дамытуда қосымша құралға айналғанын куәландырады, ал салауатты отбасы ұлтымыздың өркендеуінің маңызды факторы болып табылады.
Құрметті жиналысқа қатысушылар!
Бүгін біз ата-аналар комитетінің мүшелерін, білім беру ұйымдарының басшыларын, мүдделес мемлекеттік органдарды тәрбиелеу және білім беру қызметтерін алу сапасына қатысты кейбір мәселелерді талқылау үшін жинап отырмыз. Проблемалар көп, бірақ біз барлығын бірге шешуіміз керек, бір-бірімізді сынамай, көмектесуіміз керек, себебі қазіргі заманның қарқынды дамыған әлемінде отбасы институтына мемлекет пен қоғам үлкен үміт пен міндеттер артып отыр. Осыған байланысты отбасы салауатты, еңбекқор және жоғары рухты тұлға қалыптастыру және дамытуға мемлекет және қоғамммен бірге ынтымақты жауапкершілікте болуы керек деп ойлаймын. Отбасы – Елбасының «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыратын рухани негізі болып табылады.
Әрбір қазақстанның отбасына махаббат, бақыт және амандық тілеймін!
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
АҚША ЖИНАУ және МЕКТЕП ФОРМАСЫ
- Неге мектептерде және балабақшаларда кештер, мерекелер өткізуге ақша жинайды? Саяхаттар, көрмелер барлығы ата-аналар есебінен? Саяхат үшін бір автобус кем дегенде 12 мың теңге тұрады. Бұл мәселе кашан шешіледі?
Кештер және мерекелер жайы бойынша ата-аналар аталған іс-шараларды өздері шай ішумен ұйымдастырады. Шай ішуге тиым салынады, ал егер ақылы түрде кештер ұйымдастырылса оның барысына мектеп жауап береді. Сіз жиналған ақшаның қайда жұмсалатынын мектеп әкімшілігінен білуге құқығыңыз бар.
Саяхат және көрмелерге бюджеттен шығындарға ақша бөлу қарастырылмаған.
- Перделер, терезе жапқыштарына, шкафтарға ақша қаражатын жинау заңды ма?
Бұл егер ата-ананың ықыласы болса заңды, бұл жағдайда демеушілік туралы айтылып тұр, яғни аталған мектептің ата-аналары-түлектері, табысы жақсы ата-аналар өз баласының мектептегі жағдайын жақсартқысы келсе, осы ата-аналар басқа ата-аналарға ақша тапсыруға мәжбүрлемей өзінің азаматтық ұстанымын көрсетуге болады.
Сынып бөлмелеріндегі шкафтар жайлы: Ұлттық экономика министрлігінің 29.12.2016 жылғы № 179 бұйрығымен бекітілген санитарлық талаптарға сәйкес сынып бөлмелерінде киім үшін шкафтар болмау керек, балалар сырт киімдерін және аяқ киімдерін мектептің гардеробында шешу керек.
- Неге ата-аналарды форма сатып алуға мәжбүрлейді?
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жыл 14 ақпандағы № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына талаптарды бекіту туралы» Бұйрығымен таныстырумен мектептерде ата-аналар жиналысы және қоғамдық кеңестер өткізілді.
Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына талаптардың 2 тарау, 5 тармақ, 19 тармақшасына сәйкес – орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасы (ары қарай форма) оқытудың ақсүйек сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стилде, үш түстен көп түс араластыруға рұқсатымен біртұтас түстік гаммада. Мектеп формасының түсі ашық түстерден емес қою түстерден таңдалады. Мектеп формасының түсін, үлгісін және юбка ұзындығын орта білім беру ұйымы және қоғамдық кеңес анықтайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысында хаттамамен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 47 бап 15.1 тармағына сәйкес орта білім беру ұйымдарында оқитындар білім беру саласында уәкілетті органмен бекітілген міндетті мектеп формасына талаптарды сақтауға міндетті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 6 және 7 бап, 49 тармақшасына сәйкес ата-аналар және басқа да заңды өкілдері білім саласындағы уәкілетті органмен бекітілген міндетті мектеп формасына талап етілген талаптарды орындауға міндетті.
ОҚУ ҮРДІСІ
- Неге бір айдай ағылшын тілі, қазақ тілі сабақтары болмайды, немесе мұғалімдері ылғи ауысады.
- Ағылшын тілін оқыту деңгейі қазір өте төмен. Балалар кейде репетиторға баруға мәжбүр. Фонетиканы меңгерулері төмен, қателері көп. Балаларға сапасыз ағылшын тілі не үшін керек? Педагогтарды оқыту қарастырылған ба?
Қазіргі таңда республикада білім беру жүйесі өзгерістерге ұшырап жатыр. Министрлік алдында барлық мұғалімдерді білім берудің жаңа мазмұны бойынша курстарға оқыту міндеті тұр. Көптеген педагогтар жаз ішінде курстан өтті. Қыркүйек-қазан аралығында қазақ тілі және ағылшын тілі мұғалімдері үшін курстар өтті, олар әлі де жалғасуда. Мектеп әкімшілігінің алдында ағылшын және қазақ тілі пәндері бойынша оқу бағдарламасын ауыстыру және орындау күрделі міндеті тұр. Уақытша қиындықтарға қарамастан мұғалімнің бағдарламасы материалды біріктіру есебінен толық көлемде өткізілетін болады.
- Неге білім сапасына және бағаға көп мән беріліп, балалардың даму және денсаулық ерекшеліктері есепке алынбай қалған?
Қаланың 10 мектептерінде түзету сыныптары бар, онда дамуында ауытқулары бар 482 оқушы оқиды. Аталған сыныптарда балалардың даму ерекшеліктері туралы білетін мұғалімдер жұмыс істейді және оқушылардың жеке ерекшеліктері байланысты сабақты құрайды. Сонымен қатар ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес қаланың басқа мектептердің жалпы білім беретін сыныптарында дамуында ерекшеліктерімен балалар инклюзивті оқиды, мұғалімдер сондай-ақ жеке тәсіл қарастырады, білім беру үрдісінің сапасын сыртқы бақылау кезінде бұндай балалар үшін басқа тапсырмалар қарастырылған немесе бақылау срездерінен босатылған.
- Балалар ұжымын қалыптастыру мәселелерінде мұғалімдердің құзырсыздығымен ұшырасамын, қозғалмалы және жабық балалармен жұмыс жасай алмайды, балаңызға тіл табысуды үйретіңіз деп барлығын ата-аналарына итермелейді. Балалардың мүдделерін қорғамайды. Аталған мәселе бойынша қандай шаралар қолданылады?
Осы сұрақтармен мектеп директорына жүгіну керек, мектеп директоры шара қолданбаса, ол туралы 24-11-91, 26-88-83, 26-89-73 сенім телефондары бойынша білім беру бөліміне хабарлау керек.
- Осы жылдың бірінші сынып оқушылары 11 сыныпқа дейін бес күндік бойынша оқиды ма? Немесе бұл тәжірибе ме?
- 3 сыныптарды қашан бескүндікке ауыстырады? Бескүндік демалыстың ұзақтығына әсер ете ме?
- Балалар қашан сенбі күні оқымайды және ол каникулға әсер етеме?
Оқу жоспарлар және сабақ режимі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен регламенттеледі. Осы жылы білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес бескүндікке тек 1 сыныптар ғана көшті. Екінші, үшінші, жетінші және тоғызыншы сыныптар 2017 жылдан бастап қана бескүндік жоспарға ауысатын болады. Қалған сыныптар бескүндікке 2018 жылдан астап қана көшеді. Осындай бөлу оқу бағдарламалары жаңартуды талап етумен байланысты, Зияткерлік мектептердің бағдарламаларында жетілдірілуде және үздік әлемдік тәжірибелер бойынша функционалдық сауаттылықты дамытуға негізделген.
Үшінші сынып үшін оқу жылы ұзартылса онда 1 маусымға дейін ғана ұзартылады. Оқу жылын ұзарту мәселесі қарастыру сатысында.
- Балалардың 5 жасқа дейін балабақшаға баратына үзілді-кесілді қарсымын. Содан кейін шағын орталыққа барад. Балалар бейімделіп үлгермейді: бірінші балабақша, сосын шағын орталық, содан соң мектеп? Балалардың даму ерекшелігі есепке алынатын болама және табысты бейімделу үшін жағдайлар жасалама?
Шағын орталықтар – балабақшаның баламасы, сондықтан балабақша және шағын орталықта бір жастағы балалар тәрбиеленеді. Балабақшадан кейін сіздің балаңыз мектепалды сыныбына барады, ол 1 сыныпқа дайындайды. Мектепалды сыныптарында оқу материалын ойын формасында беру басым болады. Мектепалды сабақтарында физикалық дайындалған балалар ғана жеке түрде шағын орталықтарына бағытталады. 1 сыныпқа балалар 6 жастан барады дайындық деңгейіне тәуелсіз ҚР «Білім туралы» Заңы 9.04.2016 жылғы өзгерістер және толықтырулармен (Министрдің жауабына сілтеме).
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕРЕК ЖАРАҚТАР
- Бір сынып оқушыларына қазақ тілінің 1 оқулығын ғана берді.
Оқушылар үй және сынып тапсырмаларын орындау үшін осы оқулықты көшірмеден өткізуге мәжбүр. Неге осындай жағдай туындады?
Оқулықтар облыстық бюджеттің бөлген сомасы аясында сатып алынды, атап айтқанда 2028,0 мың теңге. Бөлінген сомаға барлық сынып оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету мүмкін емес. Нақты айтқанда аталған сомаға 2 сынып оқушылары үшін оқулықтардың бөлігін ғана сатып алуға болады.
- Бірінші сынып оқушылары үшін жұмыс дәптерлерінің және жазу дәптерлерінің жоқтығы немен байланысты?
– Бірінші сынып бағдарламасы үйлестірме материалдарын түрлі түсті қағазда шығаруды талап етеді, себебі дәптерлері жоқ. Не істеу керек: ақша тапсыруға болмайды, біз балаларымыздың сапалы білім алуын қалаймыз?
– Дәптерлер мүлдем қарастырылмаған. Менің 3 балам бар. Үшеуі үш сыныпта оқиды. Дәптерлер мектепалдыда, 1 сыныпта, өзін-өзітануда керек.
Біріншіден, білім беру мекемесінің оқу қорын қалыптастыру Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 18 шілдедегі № 508 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапхана қорларын қалыптастыру туралы нұсқаулық» нормативті құжаттармен сәйкестікте жүзеге асырылады. 3.5. тармақшаға сәйкес «Мектеп оқулықтарының кітапхана қорларына «Жұмыс жазу дәптері», «Бақылау күнделігі», баспа негізіндегі дәптерлер, контур карталары және атластар кірмейді. Білім беру бөлімі қала мектептерін оқулықтармен, өз балалары үшін ата-анадары жазу және жұмыс дәптерлерін сатып алады. Қаланың еш бір мектебі жұмыс және жазу дәптерлерін алған жоқ, қаладағы облыс деңгейіндегі мектептерден басқалары, олар облыстық бюджет қаражаты есебінен оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етіледі. Екіншіден, дәптерлер және жазу дәптерлерін тапсырыс жасау мақсатсыз, себебі шығын материалы болып табылады және оларды жыл сайын шығысқа шығару талап етеді. Мысалы, 2016 жылы 1 сыныптардың оқушылары үшін дәптерлерді сатып алу үшін қосымша 23 410 064 теңге талап етіледі, сонымен қатар бағалары жыл сайын көтеріледі. Бұдан басқа, оқу әдебиеттерін сатып алу Ережелермен сәйкестікте 4 жылда 1 рет жүзеге асырылады,оларды сатып алуға арнайы қосымша қаражат қалалық бюджет бөлінбейді.
- Неге аудан және ауылдық балалар оқулықтармен бірге жазу дәптерлерін алады?
Оқулықтармен қамтамасыз ету қажеттілігі жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Қала мектептерінің оқушылары үшін оқу әдебиеті қалалық, аудандық және ауыл-облыстық қаражат есебінен сатып алынады.
- Неге біздің балалар қазақ тілін оқулықтарсыз оқиды?
Сіз Ф.Оразбаеваның авторлығымен қазақ тілін оқуды айтасыз ба? Осы оқулықтарды 2015-2019 жылдарына үштілдікті дамыту бойынша Кешенді жоспар аясында сатып алу қажет болған. Білім беру ұйымдарының оқу қорларын қалыптастыру Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген жыл сайынғы Тізіммен сәйкестікте жүзеге асырылатынын атап өткім келеді. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің міндетін атқарушының 2016 жылдың 8 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген «2016-2017 оқу жылдарында білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат етілген оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендердің тізімінде» аталған оқулық жоқ болды. Ол Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 19 шілдедегі № 458 бұйрығымен бекітілді және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жыл 18 тамызда № 14122 тіркелді. Осы уақытқа 2016-2017 оқу жылына оқулықтарды сатып алу толығымен қалыптасқан, ол баспалармен келісім шарттар 2016 жылдың мамыр-маусым айларында жасалған. Қазан айының бірінші жартысында оқушылар үшін аталған оқулықтарды сатып алуға бюджет қосымша қаражаттар бөлді. Баспамен шарт 13 қазан күні жасалды. Жеткізуді күтудеміз.
- Неге мектептерде оқулықтар жетпейді? Біз оларды неге сатып алуымыз керек? Оқулықтармен ылғи проблема: кейде жетпейді, кейде жоқ, кейде жеткізілмеген… Жаңа оқулықтармен қамтамасыз ете алмаса неге жаңа оқу бағдарламасын енгізеді?
«Білім беру ұйымдарының оқушылары және тәрбиеленушілерін оқулықтар және ОӘК қамтамасыз ету ережесі» нормативті құжаттармен сәйкестікте, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 жыл 28 қаңтардағы № 91 бұйрығымен бекітілген «Оқулықтарды сатып алу 4 жылда бір рет толық тиражда сатып алу жүзеге асырылады…». ҚР білім және ғылым министрлігімен бекітілген оқулықтарды сатып алу бойынша нақты кестесі бар, оған сәйкес нақты сыныптардың (барлығының емес) оқулықтары жыл сайын жаңартылады (солай, 2015 жылы – 4, 5, 6, 11 сыныптар, 2016 жылы – 1 және 8 сыныптар). 4 жылда оқушылар саны артады, сәйкесінше ол оқулықтардың жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Мектептің барлық оқушыларын қамтамасыз ету үшін оқулықтармен өзара алмасумен белсенді қолданады. Сондықтан өте сирек жағдайларда ғана сатып алынады. Осыған түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймын.
- Әр сыныпты компьютермен және теледидармен қамтамасыз ету қарастырылған ба?
Қаланың 34 мектебінде әр пән кабинеттерінде e-learning бағдарламалары қарастырылған моноблоктар тұр.
ТАМАҚТАНДЫРУ
1.Оқушыны тегін жеңілдікті тамақтандыруға қою үшін мектепке қандай құжат тапсыру қажет?
«Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары және тәрбиеленушілерінің жеке санатына тегін және жеңілдікті тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметтер стандартында көрсетілген құжаттар тізімі.
- Қолданыстағы мемлекеттік қызмет стандартының 2 қосымшасаны сәйкес форма бойынша өтініш;
- ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
- бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
- (2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда) некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
- алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар үшін балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
- отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
8) отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі;
- Егер отбасы көпбалалы болса барлық балалары тегін тамақтануға құқығы бар ма?
-Иа, бар.
- Мектепалды сынып оқушылары неге тегін тамақтанумен қамтамасыз етілмеген?Нормативті-құқықтық құжаттардың жоқтығынан.
- Мектептің директоры және оқу ісінің меңгерушісі психиатрға бағыттай ала ма және анықтамасыз мектепке кіруге тиым салуы мүмкін бе?
-Жоқ, оған құқығы жоқ.
Мектептің педиатры немесе медицина қызметкері ата-аналарына участкелік дәрігердің қабылдауына баруына кеңес бере алады. Участкелік дәрігер шешім қабылдайды және қажет болған жағдайда оқушыны психологтың, невропатологтың кеңесіне бағыттауы мүмкін.
- Мектепте толыққанды тамақтануға (түскі ас) сомасы айына 7500 бастап 10000 теңгеге дейін, кейде одан да көп шығып кетеді. Өсіп келе жатқан ағзаға тамақтану қажет. Егер отбасында 2-3 бала болса? Мектепте тамақтану бағасын төмендету мүмкін бе?
Мектеп асханалары санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылық аясында мемлекеттік органмен келісілген, 10-12 күндік бекітілген болашақ мәзірімен жұмыс жасайды.
Бір реттік ыстық тамақтың орташа құны 250-270 теңгені құрайды. Оқушы қалауы бойынша кешенді түскі асын таңдай алады, оның құны әр түрлі яғни тамақ жиынтығына байланысты. Түскі астың қымбаттауы оқушының қосымша тамаққа тапсырысы есебінен болуы мүмкін.
- Диетадағы балалардың тамақтануына қосымша енгізу мүмкін бе (лактозды, глютеинді, белоктық және т.б.)
Мектеп асханаларында оқушылардың тамақтарына тыйым салынған генетикалық өзгеріске ұшыраған тағамдар қосылмайды.
Егер оқушының кейбір өнімге қарсы көрсетілімі болса учаскелік дәрігерден ұсынылған тамақ өнімдері тізімімен анықтама алу қажет.
Ары қарай мәселе жеке түрде шешіледі.
- Бастауыш мектеп балалары үшін тегін бал және сүтті неге тоқтатып тастады?
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 56 бабы, 1.3. тармақшасына сәйкестікте «Білім беру» саласындағы ауданның бюджет шығындары (облыстық мәндегі қаланың) оқушылар және тәрбиеленушілердің жеке санатына жоспарланады. Алушылар санаты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 6 тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.03.2012 жылғы № 320 «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысында көрсетілген. Көп балалы, күнкөрісі төмен, жетімдер, қамқорлықтағылар, мүгедектер, ПДТ.
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ
- Мектептерде және қосымша білім беру ұйымдарында бюджет негізінде қосымша спорт секцияларын ұйымдастыру қарастырылған ба?
Өскемен қаласының білім беру бөлімі бюджет негізінде қосымша үйірмелер және секциялар ашу туралы 31.10.2016 жылы № 848-Ө бұйрық шығарды. Осыған дейін қаланың барлық мектептерінде секциялар және үйірмелер жұмыс жасаған, балаларды спорт мекцияларымен толық қамту үшін қосымша бұйрық шықты. Ақылы түрде қаланың мектептерінде басқа ұйымдардың спорт сабақтары жүргізіледі, олар мектеп директорының келісімімен сабақтан бос уақытта ғимаратты жалға алады. Бұндай сабақтар мектеп ғимаратында сабақ кезінде өткізуге болмайды.
- Неге оқудағы жетістіктері үшін тегін жолдамалар қарастырылмайды: үздіктерге, олимпиадаларға қатысушыларға? Неге қиын балаларға басымдылық берілген, ал дарынды балаларға ондай жоқ?
Облыс әкімінің 15.07.2016 жылғы қаулысын орындау мақсатында Өскемен қаласының білім беру бөлімі 03.05.2016 жылы № 464-Ө «Жолдамаларды бөлу туралы» бұйрығын шығарды. Аталған бұйрықта тегін жолдама берілетін барлық балалар санаты жазылған, оның ішінде халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалардың, байқаулардың жүлдегерлері және оқу үздіктеріне. 2016 жылдың жазында қала сыртындағы лагерлерде тегін жолдамалар бойынша 17 жүлдегерлер және оқу үздіктері демалды, ата-аналары есебінен қала сыртындағы лагерлерде 82 оқушы және демалыс базаларында 262 бала демалыды.
ЖОЛДА ЖҮРУ, ТАСЫМАЛДАУ және ҰЙЫМДАРДЫҢ АУМАҒЫ
- Жалпы білім беретін мектептерде қашан күзетші қойылады?
Қазақстан Республикасында білім беру ұйымдарын қорғау мәселесін реттейтін нормативті-құқықтық акт жоқ, сондықтан мектепті қорғауға бюджеттен ақша қаражаты бөлінбейді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының 48 бабы, 6 тармақшасына сәйкестікте, білім беру ұйымдарындағы оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек және демалыстың қауіпсіз және амандық жағдайын құруға жауапкершілік олардың басшыларына міндеттеледі.
Өскемен қаласының мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатымен бақылау-өткізу режимі қойылған, күндізгі уақытта кезекші вахтерлермен және түнгі уақытта штаттық күзетшілермен қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Әр мектепте бейне бақылау орнатылған, ол мектептің аумағы және ғимаратына тәуліктік визуалды бақылауды қамтамасыз етеді.
- Солнечный кентінен балаларды тасымалдау бюджет есебінен жүзеге асырылатын бола ма?
Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы, 5 тармақшасы сәйкестікте, кенттің, ауылдың, ауылдық округтың әкімі елді мекенде мектеп жоқ болса оқушыларды жақын арадағы мектепке тегін апарып әкелуді ұйымдастырады.
Осы сұрақпен Бобровка ауылдық округының әкімдігіне жүгіну қажет.
- Мектеп маңында қараңғы кеште жарықтандыру жоқ, екніші ауысымда оқитын балалар қараңғыда қайтады (№ 25 мектеп).
Мектептер өз аумығының жарықтандыруын периметр ішінде қамтамасыз етеді. Жарықтандыру құралдарының саны мектепті салу кезіндегі қызмет еткен құрылыс нормалары және ережелерімен анықталады.
Мектепке жататын аумақ жалпы қалалық болып табылады және оны жарықтандыруға сәйкес коммуналды қызметтер жауап береді.
- Қоғамдық көліктерде жүруге анықтама бермейді. Балалар ересектердің тарифымен жүруге мәжбүр. Қашан береді?
Мектептерге анықтамалар ағымдағы жылдың 28 қазанында берілген және оқушыларға 15 қарашаға дейін берілетін болады. Қазіргі таңда 2015-2016 оқу жылында берілген анықтамаларды қолдануға болады.
- Неге мектеп жанындағы жолдар, жаяужолдар жарықтандырылмаған? Жүргіншілер өтпесіде жарықтандырылмаған, жолдарға құм себілмеген. Қашан осылар бақылауға алынады, тіпті балалар мекемесі бар аудандарды алсақта?
Мектеп жанындағы жолдар және жаяужолдар жалпы қалалық аумаққа жатады және оларды жарықтандыруды сәйкес коммуналдық қызметтер бақылайды.
- Неге 15 жастан асқан балалар ересек саналады және көлікте толық билетпен жүреді – олар жұмыс істеп ақша таппайды ғой?
Қалалақы автобустарда жеңілдікті жол жүру құқығына ие оқушылар жасы Қазақстан Республикасының 21.09.1994 жылғы № 156 Заңының 13 бабымен анықталған, онда жолаушының мынандай құқықтары бар: Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде, әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ
- Балабақшаға түсу мүмкін емес. Балалар осы жылы кезекке тұрды, басқа балаларға ілтипат көрсететінін айтып, бізге тағы тосуымызды немесе жекеменшік балабақшаға баруымызды ұсынды. Неге кезектілік сақталмайды? Неге балабақшаларда бірдей жастағы балаларға орын жоқ боп қалады, ал басқа балаға орын болады?
Кезектілік және Сіздің балаңыздың кезегінің жылжуы туралы Сіз ҚББ № 1 кабинетінен немесе 70-00-24 телефоны арқылы біле аласыз.
- Неге балабақшаларда 4-5 сабақ жүргізіледі?
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу МЖБС сәйкестікте балабақшаларда 3-4 сабақ, 15 минуттан 25 минутқа дейін, баланың жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі,
- Балабақшаларда баланы алу үшін «кіру» талап етеді, сонымен қатар бірқатар тауарларды талап етеді. Бұл қашан тоқтайды?
Әр жағдай туралы 70-00-24 немесе 54-48-59 телефондары бойынша хабарлау қажет.